• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 15 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

    [ 2017 ] 12 маусым, 05:11  |  Жаңалықтар
    Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты Астанада халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті.   – Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме – бір мемлекеттің ғана атқарған ісі емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі. Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесі – жаһандық кеңістікте елімізді танытудың және «Қазақстан» ұлттық брендін ілгерілетудің жаңа белесі. Біз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы осыдан бір жарым ғасыр бұрын Лондонда өткен алғашқы дүние жүзілік көрмеден кейін адамзат орасан зор технологиялық өзгерістерді бастан өткергеніне тоқталып, бүгінде тиімді және қауіпсіз энергия саласындағы тың жаңалықтар қарсаңында тұрғанымызды атап өтті. Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» көрмесі осы жаһандық үдеріске өзінің айрықша үлес қосатынына сенім білдірді. – Заманымыздың озық ойлы адамдарының қатысуы жоспарланған іс-шаралар адамзат дамуының жаңа бағыттарын айшықтайды. Миллиондаған қазақстандықтар мен дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін жүз мыңдаған қонақ әлемдік ғылыми және инженерлік ақыл-ойдың керемет жетістіктерімен танысатын болады. ЭКСПО бағдарламасында 6 мың түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Олар әлем елдері арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, ғылым, бизнес және қоғам арасындағы табысты іс-қимылға, сондай-ақ Қазақстан мәдениетімен танысуға септігін тигізеді. Біз келуге тілек білдіргендердің барлығын еліміздің басқа да өңірлерін аралап көруге, бірегей табиғатымызбен және тарихи мұрамызбен танысуға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы әлемнің экологиялық тұрғыдан теңдес және орнықты дамуының маңыздылығына тоқталып, «ЭКСПО-2017» тақырыбының біздің еліміз үшін өзекті екеніне ерекше назар аударды. – Қазақстан орасан зор көмірсутек қорының бар екеніне қарамастан, жаңартылатын энергия көздеріне белсенді түрде көшетін болады. Осындай мақсат біздің «Стратегия-2050» бағдарламамызда және «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамамызда көрініс тапты. Қазақстан 2050 жылға қарай жаңартылатын көздердің есебінен электр энергетикасының жалпы көлемінің жартысын өндіре алатын болады. Сонымен бірге экономикада энергияның жұмсалуы да азаяды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің нысандары мен халықаралық павильондардың қалай пайдаланылатыны жөнінде  айтып берді. – Көрмені аралаушылар назарына басты нысан – жер шарын бейнелейтін «Нұр Әлем» сферасы ұсынылады. Оның әр деңгейі энергияның белгілі бір түріне арналған. Сфераның өзегінде біздің Ұлттық павильон орналасқан. Онда қазақстандық ғалымдардың ең озық жобалары көрсетілген Қазақстанмен танысу аймағы және «Жасампаз энергия» аймағы бар. ЭКСПО көрмесіне мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициялары әкелінді. Екі тақырыптық павильонда энергетиканың эволюциясы, оның ХХІ ғасырдағы проблемалары және осы саладағы технологиялық өрлеу сәті көрсетіледі, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көрменің іскерлік бағдарламасына тоқталды. Оның аясында Астана экономикалық форумы, Шетел инвесторларының кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті сияқты бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мемлекет басшысы көрменің халықаралық өзара ынтымақтастыққа елеулі тың серпін беріп, еліміздің ғылымын дамытуға және экономикамызды жаңғыртуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталған соң оның инфрақұрылымы одан әрі пайдаланылатыны туралы айтты. – Бұл жерде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылады. ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі ашылады. Осылайша, еліміздің, өңіріміздің және әлемнің игілігі үшін ЭКСПО-дағы «инновацияның тамыр соғысы» жалғасатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау үдерісіне қатысушылардың барлығына шынайы қолдау көрсеткендері және көрме идеясын жүзеге асыруға атсалысқандары үшін алғыс айтты. – Біздің мәртебелі қонақтарымызға – Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатына қатысуға уақыт тауып келген мемлекеттер мен үкіметтер  басшыларына ерекше ризашылық білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Дереккөз: akorda.kz

    1509
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қазақстан жаңалықтары әлем жаңалықтары анонс EXPO - 2017
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті

    Келесі жаңалық

    Назарбаев Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4936

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4570

      ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

      [ 2017 ] 26 шілде, 05:51
      1890

      Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

      [ 2017 ] 12 маусым, 05:11
      1510

      Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу

      [ 2017 ] 16 тамыз, 11:57
      1658

      «Отан Ана» монументі – татулық нышаны

      [ 2017 ] 16 тамыз, 09:44
      2230

      Рубрикалар

        Рухани жаңғыруӘдебиетЖарнамаҚарақияАшық қоғамХабарландыруАНТИКОР

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3043

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2791

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2628

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3097

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2911

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2858

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»