Сот кабинетіне жаңа сервистер қосылуда
[ 2017 ] 7 маусым, 06:56 | Жаңалықтар
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ сот актісін басып шығара алды. «Сот кабинеті» электронды сервисі Жоғарғы соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Бұл модулде «Сот кабинеті» сервисі арқылы механизмдер жүзеге асырылған. Сот органдарымен хат алмасуға тиімді тәсіл.Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.
Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.Сонымен бірге, ағымдағы жылы республикадағы соттар мен судьялар қызметіне сыртқы бағалау жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды.
Сауалнама арқылы соттар мен судьялар қызметін бағалау «Сот кабинеті» сервисінің шеңберінде сот талқылауларына қатысушылар арасында жүргізіледі. Сауалнаманың басты мақсаты – сот процесіне қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерделеу.
Азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыру деңгейіне қанағаттанушылық дәрежесін бағалау кешенді сипатқа ие. Сондықтан да, сауалнамада сот төрелігіне қолжетімділік, сот әдебін сақтау бойынша сұрақтармен қатар, сот процесіне қатысқан адвокат пен прокурордың қызметіне қатысты да сұрақтар қарастырылған. Сауалнамада барлығы 10 сұрақ қамтылған.
Баян КЕНЕСБАЕВА,
Ақтау қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі м.а.
815
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.