©
Қаланың бірқатар қоғамдық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдар теңіз жағалауындағы «Ақбота» демалыс саябағында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке ұйымдастырып, балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, тегін тәтті үлестіріп, түрлі ойыншықтар таратты. Ақтау қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірге «Біз - адамбыз, біз - біргеміз!» қоғамдық қорының директоры Имангазы Досмухамбетовтың ұйымдастыруымен жиһаз салоны «Престиж» мекемесі бірнеше көп балалы анаға асүй жиһазын, мүгедек баласы бар отбасына кереует тарту етті. Мереке үстінде лотерея ұйымдастырылып, қатысқан балаларға велосипед, планшет сыйланды. «Іскер әйелдер кеңесі» қоғамдық қорының директоры Сауле Халелқызы, «Казкомерцбанк» ұжымының атынан Айгүл Болатқызы балаларды мерекесімен құттықтап, «Фортебанк», «Казтрансойл» өкілдері, «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Халықаралық Ақтау теңіз сауда портының басшысы М. Ялбачев, Ғаини Жазетова, «Свет Актау» орталығы, «Престиж» жиһаз салоны, «Эль-студия сән салоны» балалар мерекесінің өз дәрежесінде өтуіне үлес қосты. «Бәйтерек» синема сауда компаниясы балаларға киноға 200 билетті тегін ұсынса, қалалық тоқыма-қолөнершілер бірлестігінің мүшелері өз бұйымдарын балаларға сыйлап, атаулы күнге атсалысты.Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Теңге БЕКМҰРЗАЕВА