21 мамыр күні Ақтау қаласында күйеу жігіт пен қалыңдық шеруі өтті. Шарада 37 қалыңдық кешке сай киім киіп келген. Олардың ішінде тұрмыс құрғандар да, тұрмыс құрмаған азаматшалар да бар екен. Еске сала кетейік, мұндай шеру қаламызда 2015 жылы өткен еді. Оған 30 бойжеткен ат салысқан. Шараны ұйымдастырудағы мақсат отбасылық құндылықтарды сақтау, шаңырақтың беріктігін нығайту. Шеруде жиналған қаржы жағдайы төмен отбасыларға берілген еді. Ұйымдастырушылар биыл да жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.
ФОТО: inaktau.kz