Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. «Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын жетілдіру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған. ҰБТ-ны екі үрдіске бөлу көзделген: қорытынды аттестаттау – мектептегі бітіру емтиханы және ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы. Ағымдағы жылғы бітірушілердің саны – 131265 адам. Оның ішінде 97 мың бала ҰБТ тапсырады. Балалардың бәрі қандай сұрақ болады, өздерінің қандай емтихан тапсыратындықтарынан хабардар» деді вице-министр.
Орталық коммуникациялар қызметі