«Евровидение-2017» ән байқауының қатысушылары биыл Украинаның Киев қаласында бас қосты. Бұл ел 2005 жылғы Евровидениені де қабылдаған болатын. Өткен жылы Швецияның Стокгольм қаласында «1944» әнімен украиналық Джамала бірінші сатыдан көрінді. Ал доданың биылғы, яғни, 62-жеңімпазы португалиялық Сальвадор Собрал атанды. Ол «Amar pelos dois» әнін орындап, 785 ұпайға ие болды. Екінші жүлдені Болгария үміті Кристиан Костов иеленсе, үшінші орын молдавалық «SunStroke Project» тобына бұйырды. 2016 жылдың 31 қазанында «Евровидение-2017» қатысушылары анықталған болатын. Барлығы 43 үміткер деп белгіленген. «28 жасар Сальвадор Вилар Браамкамп Собрал бүгін Евровидение2017 байқауында жеңіске жетті. Бір де бір дайындыққа қатыспай,орнына әпкесін жіберіп, тек финалға келген Сальвадор өте қатты жүрек талма ауруымен ауырады екен! «Өмірінің қанша қалғаны да белгісіз» дейді еуропалық БАҚ. ЕВРОВИДЕНИЕ тарихында бірінші рет қатысушы ешқандай дайындыққа келмей, тек финалға қатысуына осы да себеп болыпты. Ал жеңіске жеткен ән де тақырыпқа сай, жүрек туралы шырқалады. Еуропа Сальвадорды аяп кетті ме, расымен дауыс беру адал болды ма – оның бәрі артта қалды. Жеңімпазды сынауға болмайды!.. Маған әдемі дауысы мен қарапайымдылығы ұнады! Жеңімпаз финалдық ән орындауда қашан да қасынан табылатын әпкесін бірге сахнаға алып шығып, ән айту мүмкіндігін сыйлады. Айтпақшы Португалия байқау тарихында бірінші рет жеңіске жетті!» - деп жазды продюсер Алпамыс Шәрімов өз инстапарақшасында. https://youtu.be/maj0Un6dE4E «Евровидение-2018» байқауы Португалияның Лиссaбон қаласында өтетін болады.