©
Ақордадағы бұл рухани кездесудің мәні бөлек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының өкілдерімен кездесіп, өткір де өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы дін мәселесі біздің рухани байлағымыздың бір бөлшегі екенін жеткізді. Бұл ретте дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту шарт деп атап өтті президент.
- Өздеріңіз білесіздер, дін мәселесі деген біздің рухани байлағымыздың бір тармағы болып саналады. Мемлекет бұған үлкен көңіл болып отыр. Әдейлеген мінекей министрлік құрылды. Көмектесу үшін, қарау үшін, ретке келтіру үшін. Мемлекет болғаннан кейін мемлекеттің ішіндегі жасалып жатқан жұмыстың әр тармағы тәртіпті болуы керек. Ол болмаса мемлекет те болмайды. Сол себепті сіздерге артылатын жауапкершілік үлкен болады.
Біз өзіміздің дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту керек деген мен статья жаздым. Біздің патриоттығымыз, отан сүйгіштігіміз елдің ішіндегі, сыртындағы тыныштық болашағымыз болып саналады. Сол болашаққа бәріміз бірігіп жұмыс істеу керек. Әрине біздің тәуелсіздік жағдайында ұлан ғайыр жеріміз бар. Ол жердің ұлан ғайыр үлкен байлығы бар, ішіміздегі тыныштық бар. Оған ала көзбен қарайтындар аз емес. Жалпы қазақты ешкім жеңбеген. Ішінен ірітіп, жүз жүзге бөліп, жаулап алған. Тарих солай, - деді президент.
Елбасы сыртқы күштердің ықпалында кетуден сақ болуды тапсырды. Сапсыйтып сақал қойып, бетті тұмашалау қазақтың салтында болмаған деп кесіп айтты елбасы.
- Сондықтан біз ойлануымыз керек. Сырттан ықпал етудің бір тәсілі ол жат діни ілімдерді бізге тарту. Кейінгі кезде осындай ахуал бар. Қазіргі заманға сай болып жатқан тартыс сөз салыстыру, ара жігін білетін сауатты имамдар ғана елдің бетін бері қаратады. Зайырлы білімді білу керек. Сонда салыстыра келе біздің адамдарға түсіндіретін болады. Ендігі бір айтатын мәселе соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапсыйтып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап, бүркеп қап-қара көйлек киіп жүрген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана сенімімізге де келмейді.
Дереккөз: Nur.kz