Облыс орталығында алғаш рет «Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған дзюдодан республикалық турнир ұйымдастырылды. Жарыстың екінші күні 2005-2007 жылы туған балуандар арасында өтті. Бұл жолы облыс қоржыны 2 алтын, 5 күміс және 13 қола медальдармен толықты. Білектің күші мен ердің ебі сыналған бәсекеде Жыңғылды спорт интернатының балуандары 35 келі салмақта Ыбырай Мұрат пен 46 келі салмақта Абылай Сұлтанбек алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ 35 келі салмақта Ботагөз Мнажаддин («Жас Батыр» спорт мектебі), 42 келі салмақта Ринат Жаңбырбаев (Мұнайлы ауданы), 46 келі салмақта Саламат Шамаби («Толқын» спорт мектебі), 50 келі салмақта Бейбарыс Боранбай («Толқын» спорт мектебі), +50 келі салмақта Ерсұлтан Ермекбай («Толқын» спорт мектебі) күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек, 29 келі салмақта Ақылбек Бердібаев («Жас Батыр» спорт мектебі), 32 келі салмақта Ғизат Бектұрған (Жыңғылды спорт интернаты), 35 келі салмақта Нұрлан Берден (Жыңғылды спорт интернаты), 38 келі салмақта Қыдырбақыт Оңғарбай (Жыңғылды спорт интернаты), 38 келі салмақта Ақмарал Абдишова («Жас Батыр» спорт мектебі), 42 келі салмақта Қарашаш Джалғасбай (Жаңаөзен қаласы), 42 келі салмақта Сұңғат Сансызбай (Толқын спорт мектебі), 42 келі салмақта Диас Үсербай (Жаңаөзен қаласы), 46 келі салмақта Мадина Теңелбаева (Жаңаөзен қаласы), 46 келі салмақта Жандарбек Ерболат (Маңғыстау ауданы), 46 келі салмақта Қоблан Қыдырқожа (Толқын спорт мектебі), +50 келі салмақта Жантілек Нұртілекұлы (Мұнайлы ауданы), +50 келі салмақта Салауат Нұрғалиев («Жас Батыр» спорт мектебі) топ жарып, қола медальға ие болды.
- Жыңғылды ауылынан жарысқа 36 балуан әкелдік. Оның 2-уі алтын, 2-уі күміс және 3-уі қола медальдарды иеленді. Жалпы біздің спорт интернатында самбо мен дзюдо күресінен 150 бала жаттығады. Аз ғана уақыттың ішінде олардың арасынан бірнеше республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шықты. Жалпы жастардың бойында патриоттық рухты күшейтіп, болашағына бағыт бағдар беру үшін мұндай жарыстардың жиі ұйымдастырылып тұрғаны құптарлық жағдай. Жарыс алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз,-дейді белгілі бапкер Берік Жұмағалиев.
Венера МИРЛАН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН