©
Маңғыстау облысының азаматтары Әуе қорғанысы Күштеріне көктемгі мезгілде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Аталған шараға департамент бастығы генерал-майор Е.Уразов, жергілікті әкімдік өкілдері мен Қарулы Күштердің ардагерлері, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері мен қатар әскери патриоттық клуб мүшелері қатысты. Ардагерлер Қарулы Күштердің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері жайында да айтып өтіп, батырлар өлкесінен шыққан текті ұрпақтың отан қорғау ісінде асқан шеберлік танытуына тілектестік білдірді. Олар енді Алматы облысындағы 32363 әскери бөлімінде әскери қызметін өтейтін болады.
Әрбір адам Отанын сүюді өзінен бастаған жөн деген қағиданы ұстанған жас сарбаздар әскер қатарында болу ер жігіттің азаматтық парызы санайды. Бүгінде сап түзеп, әскери киім кигендердің барлығы ел мен жерге тәуелсіз қазақстанға адал қызмет етемін дегендер. Олар Қорғаныс министрлігінің басшылығымен салынған әскерге шақыру бекетінде үш күн бойы медицналық, психологиялық және дене шынықтыру бойынша сынақтан өтіп, денсаулығы тепсе темір үзетіндей жастар. Олар үш күн ішінде әскери өмірден кішкене болсада хабардар болды.Оны бүгінгі азаматтардың бойынан аңғару қиын емес еді. Барлығы Қазақстанның қауіпсіздігі жолында еңбек етуге асығып отыр.
Шара барысында 25744 әскери бөлімінің сарбаздары қойын қолтық күресінің көрсетілімі қойылды. Қатысушылар олардың әрбір қимылын бақылап ұрыс тәсілін толық меңгергендерін де көрді. Мұның бәрі Қарулы Күштеріміздің 25 жылда жеткен жетістігінің бірі деп айтасқ болады.
Шара соңында Маңғыстаулық өнерпаздар жас сарбаздарға арнап ән салып, ел тәуелсіздігі жолында адал қызмет етуге аттанғалы тұрған жас сарбаздарды көтеріңкі көңіл күймен шығарып салды.
Өз тілшіміз