"Нұр Отан" партиясының Мұнайлы аудандық филиалының кезектен тыс XX партия конференциясына келген партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тұмышев конференцияға дейін аудандағы бірнеше мекеменің жұмысымен танысты.
Мекемелерді аралауға Нұри Лазарұлымен бірге аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов, аудандық мәслихат хатшысы Бердібек Назар да барды.