Амал мерекесіне орай дзюдо күресінен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа 2002-2004 және 2005-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, бақтарын сынады.
- Бүгінгі жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарынан және Жыңғылды, Шебір, Шайыр, Сайөтес, Ақшымырау ауылдарынан келген 250 балуан қатысуда. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, «мықтылардың» топ жаруына тілекшімін. Жалпы жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін,-деді жарыстың бас төрешесі Ерлан Серіков.
Турнирдің шымылдығын ашып, түндігін түрген 2002-2004 жылы туған балуандардың арасынан 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы («Жастар» с/м), 42 келі салмақта Кеңшілік Ізтұрған (Маңғыстау ауданы), 46 келі салмақта Жандос Әбуов (Жыңғылды спорт интернаты), 50 келі салмақта Нұрсәт Қанатбаев (Маңғыстау ауданы), 55 келі салмақта Төрекен Қобыланов («Жастар» с/м), 60 келі салмақта Нұртай Ашығалиев («Жастар» с/м), 66 келі салмақта Жандос Сағынғалиұлы («Жастар» с/м), 73 келі салмақта Талғат Бектұрған (Жыңғылды спорт интернаты), +73 келі салмақта Жолдас Қартбаев (Маңғыстау ауданы) жеңіс тұғырынан көрініп, алтынмен апталды. Сондай-ақ, 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 24 келі салмақта Ғани Орысбай (Жыңғылды спорт интернаты), 27 келі салмақта Мағжан Аяпберген («Жастар» с/м), 30 келі салмақта Жақсылық Мұхаммедияр (Жыңғылды спорт интернаты), 34 келі салмақта Парасат Серік (Жыңғылды спорт интернаты), 38 келі салмақта Айберген Қыдырғалиұлы («Жастар» с/м), 42 келі салмақта Санжар Раббани («Жастар» с/м), 46 келі салмақта Абылай Сұлтанбек (Жыңғылды спорт интернаты), 50 келі салмақта Диас Бердиев (Қарақия ауданы), 55 келі салмақта Мейрамбек Алдаберген («Жастар» с/м), +55 келі салмақта Нұрсейіт Ғалымбекұлы (Жыңғылды спорт интернаты) алтын медальдің иесі атанды.
- Бұған дейін дзюдодан, самбодан өткен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Жыл басында Қостанай қаласында КСРО спорт шебері В. В. Попов және В. И. Бабенконы еске алуға арналған республикалық турнирде алтын медальді қанжығалап, бапкерлер үмітін ақтадым. Сол жеңісімді бүгінгі облыстық жарыста қайталап, өз салмағымда жеңімпаз атандым. Болашақта Азия, Әлем чемпионы атанып, Олимпиада шыңын бағындырғым келеді,-дейді 55 келі салмақта белдескен балуан Мейрамбек Алдаберген.
Жүректілер мен білектілердің айқасында қыздар арасында 29 келі салмақта Самал Чокунова («Жастар» с/м), 36 келі салмақта Ботагөз Мнажаддин («Жастар» с/м), 40 келі салмақта Ақмарал Абышева («Жастар» с/м), 44 келі салмақта Айгерім Еламанова («Жастар» с/м), +44 келі салмақта Ағырыс Абдыразақова (Маңғыстау ауданы), 48 келі салмақта Айкүн Рахметова (Маңғыстау ауданы), 52 келі салмақта Әсем Ақшамбай (Жаңаөзен қаласы), 57 келі салмақта Гаухар Закарина (Маңғыстау ауданы), +57 келі салмақта Нұрдана Сапарбай («Жастар» с/м) алтыннан алқа тақты.
Венера МИРЛАН