Құрметті аналар, қымбатты арулар!
[ 2017 ] 7 наурыз, 05:44 | Жаңалықтар
«Ауыл» ХДПП Маңғыстау облысы бойынша филиалы, шұғылалы көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.
Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр адамның, әр үйдің, отанның мерейі.
Сіздер бір отбасы емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық тілей отыра, көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын дейміз!
Аса құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді келе жатқан қастерлі мейрамдарымыз –
Амал мен Наурыз мерекелерімен құттықтаймыз!
Ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы халқымызға, Тәуелсіз Қазақстанымызға бейбіт тірлік пен бірлік, жарқын болашақ тілейміз!
Түменбай Қалжанұлы, партия төрағасы
1269
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.