Жастар үшін жаңа жұмыс орындарын құру - мемлекет Басшысының «Үшінші жаңғыру» Жолдауында берілген бірден-бір басымдықтардың бірі болып саналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
«Онлайн-технологиялар мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жастарға өздерінің білімдері мен біліктіліктерін толыққанды пайдалануына мүмкіндік беріп отыр, өйткені қазіргі кезде елімізде жұмыс орындарын сақтап қалу өте өзекті мәселеге айналуда»,-деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.
«Жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету -кәсіподақтың негізгі міндеті саналады. Онлайн-технологиялар мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қазақстандық жастардың өз білімдері мен біліктіліктерін пайдалануға мүмкіндік ашады»,-деді Әбілғазы Құсайынов.
«Кәсіподақта үштен бірін жастар құрайды. Барлық аймақтарда «Келешек» жастар кеңесі құрылған. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, белсенді қызмет атқаруда. Мысал келтіре кетсек, Қостанай облысында «Келешек» жастар кеңесі кәсіподақ ұйымы жұмысшыларының балаларына арналған жаңа балабақша орнын құрды.
Сондай-ақ, спикер тек соңғы екі жыл ішінде кәсіподақтар мүшелерінің саны 116 мыңнан астам адамға көбейгенін атап өтті.
«Жолдауды жүзеге асыру арқасында құрылыс мекемелер үшін жұмыс көлемін қамтамасыз етеді. Жаңа жұмыс орындары ашылуына, жұмыс орындарының сақталуына және еңбек ұжымының әлеуметтік тұрақтылығы мәселелерін шешуге қол жеткізеді.
Экономика нарығы жағдайында әлеуметтік тұрақтылық мемлекеттік саясаттың бірден-бір басымдылығы болып табылады.
Жаңа тұрғын үй нысандарын салуда білікті жұмысшылар өз біліктіліктері мен еңбек тәжірибелерін дұрыс бағытта пайдалана алады,-деп атап өтті КҚШ қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасы Тілеулес Мадияров.
Оның айтуынша, берілген мәліметтерге сәйкес, тек Астана қаласында 30 мыңнан аса ұйымдары, оның ішінде -1798 құрылыс ұйымдары қызмет атқаруда. КҚШ қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының астаналық филиалы бір жыл бұрын ашылған болатын. Сол уақытта 7 құрылыс ұйымында кәсіподақ ұйымы болды, ал қазіргі таңда 27 ұйымды құрап отыр.
«Осындай нәтижелерге кәсіподақтың тиімді атқарған жұмысының нәтижесінде қол жеткіздік», - деді спикер.