©
Орталық коммуникациялар қызметінде«Аманат» қоғамдық сыйақысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында G-Global Халықаралық хатшылығы басшысының орынбасарыСалтанат Рахимбекова мәлім етті.
«Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының ұйытқы болуымен басталуда. Аталмыш жобаны ресми басталған күннен бастап аяқталғанша жүргіземіз. «Аманат» сыйақысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени әрі қоғамдық өмірге елеулі үлес қосқан азаматтарға тағайындалады деген үміттемін»,-деп атап өтті Салтанат Рахимбекова.
Спикердің мәліметінше, сыйақыны алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша беріледі.
Салтанат Рахимбекованың айтуынша, «Аманат» бағдарламасы халық пен мемлекет өзара ұйымдаса жұмыс жасауды бағыттайтын бірден-бір құралы болуы қажет.
«Жалпы айтқанда, бағдарлама аясында жасыл экономика Коалициясы мен G-global жобасын, тұрақты даму қағидаларын ілгерілету бойынша оқыту платформасын әзірлеу жоспарлануда». Жеті номинациясы бойынша үміткерлерді іріктеу байқауы барлық облыстарда өткізіледі», – деді Салтанат Рахимбекова.
Салтанат Рахимбекованың айтуынша, G-Global «Аманат» сыйақысын халықаралық деңгейге шығарады.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер Сыйақыны ұйымдастырушы комитетіне беріледі. Қатысушылар үшін қосымша ақпараттар G-Global Халықаралық хатшылығының ресми сайтында www.group-global.org орналасқан.