©
Қырғызстанда ұшақ апатынан қаза болған адам саны 38-ге жеткен. Әдетте, жағдайы бар адамның саяжайда тұрмайтыны бесенеден белгілі ғой. Саяжайда жан бағып, тұрып жатқан тұрғындардың көбі ауылдан көшіп келген ағайын. Бұл тенденция қазаққа да, қырғызға да тән жағдай. «Сорлыға сойыл бұрын тиеді» демекші, қарасаңызшы аждаһа ажал ұшақ кейпінде көктен келіп, 8 көшедегі үйді жайпап, қаперсіз ұйқыда жатқан қанша шаңырақты қара жамылдырып кеткенін. Қас-қағым сәтте Жақсылық есімді бала ата-анасынан, қос бауырынан айырылды. Ауыр қаза. Әжесі Тоқтайымның зары жаназаға жиылған жұрттың сай-сүйегін сырқыратты. Құдай пана болсын дегеннен басқа бұндайда аузыңа сөз де түспейді. Қайғыларыңызға ортақпыз, Қырғыз халқы!
Нұрлан Соңғыбайұлы Kazakh-tv.kz
https://youtu.be/yqnvkPvkC7A