©
«Титаник» кемесі бортта шыққан өрттің салдарынан суға батуы мүмкін. Бұл туралы РИА новости The Independent газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Baq.kz.
«Титаник» кемесінің тарихын 30 жыл зерттеп жүрген британдық журналист Шенан Молони осындай болжам жасап отыр. Оның айтуынша, кеме Саутгемптоннан шыққанша дейін бортта өрт шыққан. Отты бірнеше апта сөндіруге тырысады. Осы уақытта кеме қызып кеткен, сондықтан айсбергпен соғысқан кезде үлкен трагедияға ұшырады.Журналист Молони «Титаник» саяхатқа шыққанға дейінгі фотосуреттерді зерттеп-зерделеген. Ол кеменің айсбергпен соғысқаннан кейін бүлінген жерінде қара күйенің ізін тапқан. Мамандар күйенің кеменің жанармай қоймаларының бірінде шыққан өрттен пайда болғанын растап отыр.
Молонидің сөзінше, кеменің иелері өрт туралы білген, бірақ бұл фактіні жолаушылардан жасырып, айтпаған. Әрі білетін адамдарға өрт туралы тіс жармау бұйрығы берілген.
Осылайша, от шарпыған жер 1000 градусқа дейін қызып, салдарынан болат өз беріктігін 75 пайызға дейін жоғалтады. Саяхаттың бесінші күнінде «Титаник» айсбергпен соқтығысқан кезде кеменің қаптамасы ойылып, тесіліп қалады.
Сонымен, британдық журналистің зерттеуіне сәйкес, «Титаниктің» батып кетуіне тек айсбергті кінәлауға болмайды-мыс.
Айта кетейік, «Титаник» алып кемесі 1912 жылы 15 сәуірде апатқа ұшырады. Бұл қайғылы оқиғадан 1500-ден астам адам қаза тапқан еді.