©
Жан біткенге жақсы көңіл күй сыйлап, үлкен үміт беретін жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Ж.Айтуаров Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні өмірге сәби әкелген алтын құрсақты аналарды қабылдап, сый-құрметке бөледі.
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дейтін халқымыз үшін отбасына бір мүше қосылғаннан ұлы мереке жоқ. Өз туғандарын жағымды жаңалықпен қуантқандардың бірі – Бекмурзина Шырынгүл еліміздің ең ұлық мерекесі күні бесінші сәбиін дүниеге әкелді.
Жыл басынан бері ауданымызда 1156 сәби өмірге келсе, дәл осы айтулы мереке күні аудандық перзентханада 5 сәби іңгәлап дүние есігін ашқан. Олардың 3-еуі ұл, 2-еуі қыз бала. Өмірге сәби әкелген аналарды жиынға қатысушылар қуаныштарымен құттықтады. Жылдар өтіп, уақыттар ауысқанда осы сәбилер еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар болып өседі. Өйткені олардың болашағы жарқын.
Л. ҚОБЫЛАНДЫҚЫЗЫ