©
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Чехия Өндіріс және сауда министрі Ян Младекпен, Чех Республикасының қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Элиш Жигавомен және Чехия ұлттық павильонының Комиссары Ян Крсомен ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушылар кеңсесінде кездесуі өтті. Кездесуде Чех Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.
Басқасы барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмені ұйымдастыру жұмысы туралы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларға павильондардың берілу дайындығына тоқталып өтті.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде, біз ендігі мазмұнмен толтыру кезеңіне көштік. Соңғы аптаның өзінде көрмеге қатысатындығын 6 мемлекет пен 1 халықаралық ұйым растады. Жалпы алғанда, қатысушы мемлекеттер саны 112, халықаралық ұйымдар 18-ге жетті. Біз қатысушы мемлекеттерге павильондарды өткізу және пәтерлерді беру жұмыстарына кірісіп кеттік», - деді ұлттық компания басшысы.
Басқарма басшысы ірі транссұлттық компаниялардың көрмеге қызығушылығының ерекше екендігін айтты. SAMSUNG, Shell, Chevron және тағы да басқа компаниялардың көрме серіктесі болғандығына тоқталды. Серіктестік тарапынан 126 млн.еуро көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.
Чех Республикасының Өндіріс және сауда министрі Ян Младек «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттырып, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретіндігіне, сондай-ақ энергия жетіспеушілігі мен жаһандық экология мәселесінің шешілуіне ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
«Көрме тақырыбы бізге өте жақын. БЭП (ВИЭ) дамыту бойынша үлкен тәжірибеміз болғандықтан, осындай ауқымды іс-шараға қатысуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Сондықтан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға мемлекетіміздің басшысы, Премьер-министр мен Үкімет мүшелері келетін болады», - деді Ян Младек.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерланд Корольдігінің ұлттық секциясының комиссары және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Дирк Ян Коппен кездесті. Кездесуде екі жақ алдағы көрмеге дайындық барасын талқылап, голландықтар павильонына қатысты техникалық мәселелер айтылды.
* * *
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.
Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com