©
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар мемлекеттік қызметшілер төсбелгімен марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Лазарқызы сан сала қызметкерлері мен басқарма басшыларын мерейлі мерекемен құттықтап, жұмыстарына толайым табыстар мен зор жетістіктер тіледі. Марапат иегерлері қатарында облыс әкімінің аппараты, өңірлік қаржы және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы мен өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасы қызметкерлі болды.
«Еліміздің дамуы, өсуі мен өркендеуі жолында сіздің қосқан үлесіңіз бен еселі еңбегіңіз зор. Биылғы жыл қорытындысына сәйкес қай саланы алып қарасақта жоғары көрсеткіштермен аяқтап жатырмыз. Мерейлі мереке қарсаңында ҚР мемлекеттігін қалыптастыруына, егемендігінің нығаюуымен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы 380 Жарлығы бойынша сіздерге «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыстауға рұқсат етіңіздер», - деді өңір басшысының орынбасары.
«Мемлекеттік қызметте 16 жылдан бері, соның ішінде қаржы саласында 10 жылдан аса қызмет етемін. Атаулы мереке қарсаңында мерейтойлық марапатқа ие болып жатырмыз. Елбасымыздың көрегенді саясаты арқасында еліміз өркендеп келеді. Ал осы жолда біздің еңбегімізді елеп, ескеріп, арнайы марапат табыстауы көңіл қуантар жайт.Ең бастысы бейбіт өмірде елімізі тыныш, халқымыз аман болсын», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы бөлім басшысы Қаламқас Айтқұлова.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Балғожаева мемлекет мүддесіне 23 жылдан аса қызмет етіп келеді. Елбасы тарапынан мәртебелі марапатқа ие болған Гүлмира Қуатқызының қуанышында шек жоқ. Ел келешегі үшін ертелі-кеш еңбек етіп жүрген сан түрлі сала өкілдерін әділ бағалау - жемісті қызметін одан әрі жалғастыруға қажетті стимул болмақ.
Голрох Жеменей Суретті түсірген С.Майемеров