Медицина саласында жағымды жаңалық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауларында отандық медицинаны қазіргі заманға сай дамыту мен инновация әкелу туралы үнемі айтып келеді. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жаңашыл құрылғыларды әкелу арқылы әлемдік озық тәжірибені енгізу қажет. Әсіресе, еліміз бойынша өзектіге айналған жүрек аурулары бойынша жаңа құрылғылармен қамтамасыз етудің қажеттілігі айқын болып тұр.
Мамандардың мәліметтерінше, жүрек-қан тамырлары ауруларынан Қазақстан әлемде алдыңғы қатарда. Жүректің ишемиялық аурулары, жүрек миокарды бойынша дүниежүзінде инфаркт яғни жүрек талмасынан болатын өлімнен кейінгі орынды алады екен. Ауруға шалдығу дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын сақтамаудан болса, өлім-жітім дер кезінде көмектің берілмеуінен болады.
- Жедел жүрек миокарды ауруына шалдыққан науқасқа 2 сағат ішінде алғашқы диагноз қойылып, сауықтыру көрсетілу қажет. Жүрек тамырларына стенд қойылып, оперативті ем жүргізілу керек. Осыған орай, біз дистационды электро-кардиограф құрылғының көмегіне жүгінуді ұсынамыз. Жаңа құрылғының бұрынғы кардиографтан аса айырмашылығы жоқ. Бір ерекшелігі жаңашыл аппарат түсірілген нәтижені маманның дер кезінде оқып, тиісті ем қолдануына мүмкіндік береді, — дейді «Рауан-медикал» компаниясының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серіков.
Ресей, Италия мемлекеттерінде шығарылатын құрылғының құны 500 мың -1 млн.теңге тұрады. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауыл-аймақтардағы кардиолог мамандар мен экг түсірілімін түсінетін дәрігерлердің жетіспеушілігі дистанционды электрокардиографтың қызметіне кедергі келтірмейді. Кез келген медицина қызметкері науқастың жүрегіне түсірілім жасап, орталықтағы маманға бірер минуттарда жібере алады. Сөйтіп, реанимобил және санавиация шақырып, бірден сауықтыру емін жасауға мүмкіндік болады. Ал, дер кезінде көрсетілген көмек адамды мүгедектік пен өлімнен сақтайды.
- Дистанционды электрокардиографтың мұрағаты бар, тоқсыз батареямен жұмыс істейді. Алматы облысындағы емдеу орындарының 60 пайызы осы аппаратты қолданып отыр, — дейді «Рауан-медикал» компаниясының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серікұлы.
Жүрек қан тамыры аурулары әлемнің көптеген мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы басты мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл сырқаттың салдарынан адамдар мүгедектікке шалдығып, мезгілінен бұрын қайтыс болып жатады. Статистикалық мәліметтерге сенсек, жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын аталмыш аурулар құрайды екен. Соңғы жылдары жүрек инфаркті мен инсульттен болатын өлім аса көбейіп барады. Елімізде жылына 80 мың кісінің жүрегі жұмысын тоқтатады. Дәрігерлер жүрек ауруларына экологиялық жағымсыз жағдайлар, дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбау әсер етеді дейді. Артық салмақ пен семіздік, сондай-ақ, темекі шегу де қауіпті саналады. Жүрек талмасына ұшырататын себептердің біріне адамның көңіл күйінің толқуы мен торығу жатады.
Анар ШАМШАДИНОВА