©
Бейсенбі күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық депозитарийі ашылды.
Қонақтар оқу орнының кітапханасы алдында «Независимости Казахстана 25 лет», «Путь Президента-путь страны», «Еліміздің болашағы бірлікте» атты басты тақырыптарда ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева депозитарий кабинетінің маңыздылығын айтып, оның жұмысына сәттілік тіледі.
Университет ректоры Әділбек Ботабеков қара шаңырақ кітапханасының облыс әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан тарту етілген кітаптармен толықтырылып тұрғанын жеткізіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жүзеге асырылып жатқан жобаларына тоқталды.
Кітапхана директоры Гаухар Абошева депозитарийдің ұлтаралық және конфессияаралық тақырыпта жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, мақалалар, бейнематериалдар, Маңғыстау өңірінің көпэтникалық құрамы, этномәдени бірлестіктердің өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі.
Жаңа мазмұндағы кабинеттің ашылу рәсіміне қатысқан этномәдени бірлестіктер өкілдері депозитарийге кітаптар сыйлады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА