Бүгінде қазақстандықтарды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Бұл пікірді КТК телеарасында көрсетілген «25 kz. Жаңа тарих» деректі фильмінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы - бұл ел ішінде де, әлемде де құрметке ие тәуелсіз мемлекет. Мен өзімнің серіктестерімен бірге Қазақстанды әлем картасына шығардым. Бұл мақтануға тұрарлық жайт емес пе?. Мұны жасай алдық. Ал оны қандай қиындықтармен, қамқорлықпен жасағанымыз ешкімді де қызықтырмайды. Ең басты факті бүгінде қазақстандықтар қайда барса да оларды таниды. Ол «Мен Қазақстаннанмын» десе құрметтейді», - деді Президент. Елбасы сонымен қатар өз халқымен мақтанатындығын да баса айтты. «Әрине, мен қазақстандықтармен, өзім басшылық жасайтын халықпен мақтанамын. Олар маған сеніп, соңымнан ілесуде. Біз бірлесе отырып осы жылдар ішінде халқымыздың әл-ауқатына теріс ықпал ететін қатерлі қателіктерге бой алдырған емеспіз», - деді Назарбаев.