9 желтоқсанда «Отырар» телеарнасының баспасөз орталығында Шымкент қ. Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыру комитетінің төрағасы В. Юсуповтың бастамасымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында кәсіподақ мүшелерінің бастамасымен тәуелсіз аудиторлық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 2014 жыл мен 2015 жылдың 3 айы бойынша 27 млн. 677 мың 789 теңге көлемінде кәсіподақ жарналарының жоғалғаны туралы сөз қозғалды. Аталған жәйт бойынша ұйым Шымкент қаласының және ОҚО ІІД арыз жолдап, үстіміздегі жылдың наурыз айында қылмыстық іс қозғалды. Өз кезегінде Шымкент қаласының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері Г. Сүлейменов басқарған және Л. Харькова жетекшілік ететін Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы (ҚРТКК) құрамына кіретін ұйымнан шығуды жөн көріп, ол жөнінде ресми жариялады.