Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Жастар орталығында жас кол өнер шеберлерінің байқауы өтті.
Байқауға ауданның әр түкпірінен отызға жуық жастар қатынасты. Шараның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық қолөнерді насихаттау, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас қолөнер шеберлері мен суретшілердің шығармаларын насихаттау, патриоттық сезімді күшейту, жас ұрпақты ұлттық патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады.
Үш апта бойы жастардың қолөнер шеберліктерін шетпеліктер тамашалап, құрамында белгілі суретші Бірғали Байекеев секілді арнайы қазылар алқасы өз бағасын берді.
Байқауда жүлделі бірінші орынды Жармыш ауылынан келген Бекқали Айсауле алса, екінші орынды Өтес аулының тумасы Медетова Марта, үшінші орын Жыңғылды аулының жас өнерпазы Ұлтан Әсемгүл иеленді.
Дина Жолдасбайқызы