• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 9 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Маңғыстауда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2016 ] 17 қараша, 06:56  |  Жаңалықтар

    ©

    15 қараша күні Ақтау қаласында мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілігі мен салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратының ашылуына арналған салтанат өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Ұлттық валюта күніне орайластырылған бұл шарада облыс әкімі Алик Айдарбаев құттықтау сөз сөйледі. 

    Қаржыгерлерге құтты болсын айтып, олардың жұмыстарына сәттілік тілеген өңір басшысы бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органы біртұтас фискальды органды құрай отырып, бюджет түсімін қамтамасыз етумен қатар Қазақстан бизнесінің дамуына қолайлы орта туғызудағы негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылатынын атап өтті.

    - «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі мақсаты–Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл стратегиялық мақсатқа жету үшін мемлекеттік органдар алдына үлкен міндет, соның ішінде бизнес қоғамдастығының ертеңгі күніне сенімділікпен қарайтындай жаңа жүйе қалыптастыру міндеті қойылды. Осы міндеттерді іске асыру, төлемдер мен салықтарды жинау және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, сыртқы сауда айналымын ынталандыру арасында қажетті тепе-теңдікті ұстап тұратын біртұтас тиімді мемлекеттік істер жүйесін құрудың аса қажет екендігін көрсетті. Бүгінгі таңда осы бағытта жүргізілген реформалардың тиімділігінің оң нәтижесін көріп отырмыз, - деді ол. - Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департементі есепті кезеңде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мысалы, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы бюджетке түскен салықтар мен төлемдер 392 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 миллиард теңгеге жоғары. Яғни, өсім 100,3 пайыз. Республикалық бюджет 145,4 пайыз орындалды немесе нақты 151 миллиард теңге түсім түсті. Жергілікті бюжет 102 пайыз немесе 82 миллиард теңге болды. Жаһандық дағдарыстың кері әсеріне қарамастан өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша түсімнің өсім қарқыны байқалады. Яғни, мемлекеттік бюджет 24 миллиард теңгеге өсіп, 233 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде республикалық бюджет 19 миллиард теңгеге өсіп, 151 миллиард теңгеге жетті. Ал жергілікті бюджет 5 миллиард теңгеге артып, 82 миллиард теңге болды.

    Сөз кезегін алып, әріптестерін қаржыгерлер күнімен құттықтаған Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек  Тілегенов көлемі 12 600 шаршы метрлік жаңа ғимараттың жұмыс істеуге ыңғайлы екендігін жеткізді.

    Құттықтаулардан кейін Алик Айдарбаев пен Әлібек  Тілегенов таспа қию рәсімін орындап, жиналғандар жаңа ғимараттың ішіне енді.

    Ғимарат 6 қабаттан тұрады. Оның 1 қабаты техникалық қабат делінеді. Жаңа ғимаратта барлық қажетті жағдай жасалған. Қызметкерлер кабинеттері кең, жаңа офистік жиһаздармен жабдықталған, заманауи ұйымдастыру техникасымен қамтылған. Салық төлеушілер үшін барлық ыңғайлы жағы толық қарастырылған. Орталықтың операциялық залында азаматтарды қабылдап, қызмет көрсететін 58 терезе ашылған. Күтіп отыруға арналған орын, ақпараттар стенді, құжаттар толтыруға лайықталған орын бар. Бұлардың барлығы тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ықпал етері сөзсіз.

    Сондай-ақ облыс әкіміне ерекше жаңалық — «Қазынашылық деректері бойынша салықтардың түсуі» геоналог картасы таныстырылды. Геоналог картасы— бұл өзіндік салық навигаторы. Оған қаланың салық төлеушілерінің салықты қалай  төлеп жатқаны, қарызы және қызмет түрлеріне қарай барлық деректері енгізіледі. Келешекте геоналог картасын ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің интернет-порталында орналастыру жоспарлануда. Бұл тіркелмеген салық төлеушілерді есепке алуға, сол арқылы жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осындай карталар арқылы облыстың салық потенциалын көтеріп, салық қарызын азайтуға жол ашылады.

    Департаменттегі  екінші жаңалық — «Қазынашылық деректері бойынша салықтардың түсуі» порталы. Осы портал бойынша салықтардың күнделікті түсуі және басқа да бюджеттік классификация кодынан (КБК) түсетін төлемдер бақылауға алынады.

    Облыс басшысы мен қонақтар жаңа ғимаратпен танысқаннан кейін департаменттің мәжіліс залында Тәуелсіздігіміздің төл перзенті — Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты жиналыс болды.

    Онда Алик Серікұлы қаржы жүйесі қызметкерлерін төл мейрамдарымен құттықтап, игі тілегін жаткізді. Сондай-ақ ол бір топ қаржыгерлерге облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырып, өңіріміздің қаржы саласында қажырлы еңбек үлгісін көрсеткен танымал қаржыгерлердің омырауларына «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін тақты және қаржыгерлердің бір тобын Құрмет грамотасымен марапаттады.

    Салтанатты шарада қаржы саласының ардагерлері де марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

       Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

     Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    832
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар экономика
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қазақстанда азаматтығы жоқ тұлғалар көп пе?

    Келесі жаңалық

    "Жастар толқыны" туристік спорт слеті (ФОТО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

      12 ақпан, 10:29
      2293

      Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

      22 қаңтар, 12:30
      2594

      Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

      10 қаңтар, 11:31
      2732

      Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

      [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
      2677

      Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

      [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
      2809

      До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

      [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
      2758

      Рубрикалар

        КомплаенсМаңғыстау жаңалықтарыЖастар бетіДенсаулықҚұқықБайқауХабарландыруАуыл өмірі

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3018

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2766

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2602

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3082

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2887

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2824

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»