Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аудандық балалар өнер мектебінде ән байқауы өтті. Ауданға қарасты ауылдардан жиналған жас орындаушылар белгілі сазгер, балалар ақыны, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Көмек Ыбыраевтың шығармашылығынан ән әуелетіп сайысқа түсті.
Соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген байқаудың мақсаты - жергілікті сазгерлердің шығармаларын насихаттау, патриоттық сезімді күшейту, жастардың ән өнеріне деген махаббатын нығайту. Үш сағатқа созылған байқау тартысты да тартымды өтті. Балғын дауысты балдырғандар әуезді әндерімен жүректерден орын ала білді, байқау қорытындысында Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Сахи Әбдиева бас жүлдені иемеденді. Ал екінші орынды Үштаған ауылынан келген Белгібаева Жадыра, үшінші орынды С.Жаңғабылов атындағы орта мектептің оқушысы Сұңғат Ізғали жеңіп алды.
Лаззат АХАМҚЫЗЫ,
аудандық жастар саясаты
орталығының маманы.