Бүгін маңғыстаулықтар Қостанайға гуманитарлық көмекті жөнелтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"AMANAT" партиясы жанындағы облыстық "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Абзал Мараттың айтуынша, төрт күннен бері үш тонна азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық заттар жиналды.
"Маңғыстаулық кәсіпкерлер, белсенді азаматтар мен тұрғындардың көмегімен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмегімізді жолдап жатырмыз. Тұрғындар осы уақытқа дейін әлі де өз көмектерін қаржылай жолдап жатыр. Маңғыстау Қостанаймен бірге", - деді Абзал Марат.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйек күні "АMANAT" партиясының Маңғыстау облыстық филиалы және "Жастар рухы" жастар қанаты жанынан Қостанай облысында болған төтенше жағдайға байланысты облыстық штаб құрған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА