1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда бұл күн жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Жуырда аудандық Қызылтөбе мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін тамашалауға бағышталған «Сырлы әлем» мерекелік байқауы өткізілді. Байқауда мүмкіндігі шектеулі 34 бала бақ сынап, ән, тақпақ айту, би билеу, мәнерлеп оқу және сурет салудан өз өнерлерін ортаға салды. Аталмыш мәдениет үйінің директоры Маргарита Омарованың айтуынша, сайысқа қатысқан өнерпаз балалардың барлығы Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталыпты. Десек те, орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен ерекшеленген Қуанышбек Досжан, Алина Мэлс, Бақдәулет Матенов, Мөлдір Азаматуллаева «Сырлы әлем» шығармашылық кешінің облыстық кезеңінде сынға түсетін болады.
Әсел ТАҢАТАРОВА