©
Соңғы кезде жиі ұйымдастрылып жүрген көңілді сайыстардың бірі - отбасы толық құрамда қатысатын эстафеталық-отбасылық сайыс. Көңілді мәреге қаппен, допқа мініп секіре, қасықпен су тасып жарыса әрең жететін қызықты сайыста Форт-Шевченко қаласының белсенді отбасылары бақ сынады. «Салауаттылықты салт етеміз!» тақырыбымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ұйымдастырылып отырған шараны Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы негізінде «Қолдау» орталығы бірлесе ұйымдастырған болатын.
Жас отбасыларды қоғамдық шараларға қатыстыра отыра, салуаттылықты салт етуді мақсат еткен Форт-Шевченко қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болған шараға Доғдырбай Бексат отбасы, Ізімбергенов Қансұлтан отбасы мен Айтбаев Сәндібек отбасы қатысты. Сайыс нәтижесінде Ізімбергенов Қансұлтан отбасы I орын, Доғдырбай Бексат отбасы I I орын, Айтбаев Сәндібек отбасы I I I орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-Ойламаған жерден бірінші орын алып, қуанып тұрмыз! Ауданда жатсармен, отбасылармен шара жиі ұйымдастырлып жататын еді. Бүгін міне сондай бір шараға қатынасып, жеңіске жетіп отырмыз. Спорт – салауатты өмір салты, спорт-денсаулық, спорт- өмір. Біз жатсарды, балалрымызды спортпен айналысуға үйретуіміз керек деп есептеймін, - дейді бірінші орынды жеңіп алған Ізімбергеновтер отбасы анасы Жанар Өсербаева.
Милана ЕЛЕУСІНОВА Суретке түсірген Айдана МҰРАТОВА