Мемлекет басшысының шешімімен «Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» болып өзгертілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Мен партиямызды ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.