Қазіргі уақытта мобильді аударымдар мен төлемдер тақырыбы белсенді талқыланып жатыр. Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, мобильдік аудармаларға қатысты бірнеше миф жөнінде айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
№ 1 Фейк: Барлық мобильді аударымға салық салынады.
Түсініктеме: Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды және тексерілмейді. Енгізілетін өзгерістер декларациялардағы заңды айналымдарды көрсетпейтін мобильдік аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қаражатын қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.
№ 2 Фейк: Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналар жинаған қаражатты, туған күніме сыйлық ретінде ақша алсам, ол үшін мен салық төлеймін.
Түсініктеме: Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Сонымен қатар, жеке тұлғалар бойынша ақпарат 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі – бір адамның үш күнтізбелік ай ішінде ай сайын 80-100 адамнан көптеген аударымдарды алуы.
№ 3 Фейк: мен жеке кәсіпкер болсам енді маған мобильді төлемдер үшін де салық төлеуге тура келеді.
Түсіндірме: Қосарланған салық салынбайды, мобильдік төлемдер салықтың жаңа түрі болып табылмайды және өзіне қосымша салықтық жүктемені көтермейді. ЖК өзінің заңды айналымын көрсетуі қажет. Сонымен қатар, 2023 жылға дейін шағын бизнес салық төлеуден босатылған.
№4 Фейк: Салық органы жаңа 2022 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар бойынша барлық ақпаратты алатын болады.
Түсініктеме: Жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға сәйкес екінші деңгейдегі банктер береді деп жоспарланып отыр.
№5 Фейк: Маған мобильді аударымдар мен қолма-қол есеп айырысулар бойынша есеп жүргізу керек болады.
Түсініктеме: Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау мобильдік төлемдер арқылы (мобильдік аударымдар арқылы емес) жүзеге асырылатын болады. Осылайша, мобильді төлемдер бойынша ақша қаражаты кәсіпкердің арнайы шотына түсетін болады. Декларациядағы айналымдарды қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жолмен түскен жалпы айналым бойынша көрсету қажет.
Үздік 5 факт
№ 1 сұрақ: Егер Мен барлық сатылған тауарларға бақылау-кассалық машиналарды қолдансам, енгізілген нормалар немен байланысты?
Жауап: Бақылау-кассалық машиналарды қолданатын және заңды айналымдарды көрсететін кәсіпкерлерге бұл норма ешқандай әсер етпейді.
№2 сұрақ: Екінші деңгейдегі банктер әлеуетті «бұзушылар» бойынша талдау жүргізетінін және осындай салық төлеушілер бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарының атына беретіні рас па? Өзінің таныстарына, туыстарына ақша аударатын қарапайым адамдардың алаңдауына негіз жоқ па?
Жауап: Иә, бәрі дұрыс, бұл норма жеке тұлғаларға әсер етпейді. Әлеуетті «бұзушыларды» тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын болады, оның критерийлерінің бірі – бір тұлғаның күнтізбелік үш ай ішінде ай сайын 80-100 тұлғадан көптеген аударымдарды алуы арқылы кәсіпкерлік қызметті айқындау болып табылады.
№ 3 сұрақ : Енгізілетін өзгерістер тек кәсіпкерлерге ғана қатысты және «мобильдік төлемдер» деген жаңа ұғым пайда болады, және бұл өзіне ыңғайлы тәсілмен төлегісі келетін қарапайым халыққа ешқандай әсер етпейді ме?
Жауап: Дұрыс, бұл норма тек кәсіпкерлерге қатысты, бұл норма жеке тұлғаларға қатысты болмайды.
№4 сұрақ: НҚА жобасы (бұл Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда оларды келісу сәтіне дейін талқылау үшін алаң ретінде құрылған "Ашық үкімет" жобасының құрамдас бөліктерінің бірі) өлшемшарттар бойынша ресми жарияланатын бола ма? Біз мобильді аударымдардың бекітілген өлшемдерін көре аламыз ба?
Жауап: Белгіленген критерийлер жария талқылау үшін "Ашық НҚА" ресми түрде орналастырылды.
№ 5 сұрақ: Кәсіпкерлер мобильді төлемдер бойынша ақша алу үшін кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шот ашуы керек пе?
Жауап: Дұрыс, мобильді төлемдер бойынша ақша алған кезде кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкерлік шот болуы керек. Бұл ретте, жеке тұлға үшін тауарларға ақы төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.