Отан қорғаушылар күні Ақтау гарнизонында әскери теңіз күштерінде салтанатты жиын өтті.
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Отан қорғауда көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін бірқатар теңізшілер ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» және ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
Жауапты қызметтің жүгін арқалап жүрген әскерилерді 7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күнімен 2-дәрежелі капитаны, әскери-теңіз базасының командирі Данияр Хайрушев.
Қазақ даласында ауыз толтырып айтарлық істерімен есте қалған батырлар көп. Сол жандар оқ пен оттың ортасында күн кешіп, жеңісті жақындатты. Міне, біз сол Отан қорғаушылардың ұрпағымыз. Сондықтан да әскеріміздің әрқашан да абыройы асқақ болуы шарт. Себебі, олар - ел қорғандары, - деді 2-дәрежелі капитан, әскери-теңіз базасының командирі Данияр Хайрушев.
Сонымен қатар, жиында әскери-теңіз базасы командирінің жауынгерлік даярлығы жөніндегі орынбасары 3-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлына уақытынан бұрын 2-дәрежелі капитан әскери шені берілді.
Марапатқа ие болған азаматтар өз елімізге қалтқысыз қызмет етуге, кәсіби деңгейі мен шеберліктерін арттыруға, мемлекеттің егемендігі мен Қазақстанның бейбіт аспанын қорғауға әрқашан әзір екендіктерін жеткізді.