Бүгін әлеуметтік желілерде сап түзеген жас сарбаздардың суреті кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Суреттен ананың балаларын Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс жауынгерінің киімін кигізіп, оларға деген ықылас құрметін білдіргенін байқауға болады. Осы бір бейнеге тұрғындар жылы пікірлерін білдіріп жатты.
Біз де "Маңғыстау Медиа" медиа ұжымы атынан балаларын Отансүйгіштікке баулып жүрген анаға өз алғысымызды білдіреміз.
Суретті түсірген Күланда Асылбаева