Бүгін облыс әкімі С.Трұмовқа Ақтау қаласынан бой көтеретін ҚР Тұңғыш Президенті саябағының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Саябақ қаланың жаңа 40 шағынауданында орналасады. Нысанның жалпы көлемі 23 га. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, бірнеше саябақтар мен серуендеу аймақтары болады. Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқағы, балалар ойын алаңдары, спорттық жүгіру және велосипед жолдары орнатылады. Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды желден қорғайтын қорғаныш болады, делінген МО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Демалыс орны "BS stroy" ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен тұрғызылады. Үлкен саябақтың құрылысын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.