• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Тұтқабай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толды

2 наурыз, 10:42  |  Жаңалықтар

Маңғыстау облысы құрылған тұста алғашқы басшы болған Тұтқабай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толды. Облысты жеті жыл басқарған Тұтқабай ағаның өнегелі өмірі мен қайраткерлік қарымы ізінен ерген інілеріне үлгі. Ол шын мәнінде өңірді өркендеткен қайраткер.

​Тұтқабай Әшімбайұлы жергілікті жердегі қай жағдайды да сұңғылалықпен сараптап, облыс деңгейінде тиісті шешімдер қабылдай білді. Оның кезінде «Бозашының үш алыбы» атанған Қаламқас, Қаражанбас, Солтүстік Бозашы мұнай кенорындарын игеру басталды. 1970 жылдардың соңына қарай облыс республика бойынша өндірілген мұнайдың 81 пайызын, газдың 96 пайызын және минералды тыңайтқыштың жартысынан астамын өндірді. Қаламқас-Ақтау мұнай құбыры және Жетібай-Ақтау газ құбыры тартылды. Қазақ газ өңдеу зауытының бірінші кезегі, БН-350 атом реакторы іске қосылды. 1980 жылдың қаңтарында Ақтау портынан Қаламқас мұнайы тиелген алғашқы мұнай танкері теңіз жолымен жөнелтілді.

​Тұтқабай Әшімбайұлының алдыңғы кезекте қолға алған шаруаларының бірі ата кәсіпке қолдау жасап, ауылдық аймақтарды дамыту болды. Шаруаның ретіне қарай Маңғыстаудың ойы мен қырында жаңадан бірнеше кеңшарлар ұйымдастырылды. Шаруашылықтар орталықтарына тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу жоспарлы жүргізіліп, үнемі бақылауда ұсталды. Бюджеттің қаражаты жетпеген жерлерге шептік қамқорлық жолымен мұнай және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының қаржысы мен күш-қуаты тартылды. Мал шаруашылығын табысты етуге бағыт ұсталды. Бұл ретте түйе өсіруге мамандандырылған «Қызыл Өзен» кеңшарының аты бүкіл республикаға танымал болды. Түйе саууды механикаландырған бұл шаруашылыққа республика басшысы Димаш Ахметұлының өзі ат басын тіреп, түйешілердің еңбегімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, жоғары баға берді. Өзі де ауылдарға жиі сапарға шығып, халықтың жағдайын көзбен көріп тұрды, елден небір сөзі жарасқан құрдас, достар тапты!

​Негізгі өндірістік салалармен қатар жергілікті халыққа, тұрғындарға қажетті инфрақұрылымдарды дамыту жоспарлы қолға алынды. Оның ішінде сол кездері салынған Жетібай-Ералы, Ақтау-Форт-Шевченко, Өзен-Фетисово, Ақтау-Қаламқас бағыттарындағы жолдардың өмірлік зор маңызы бар еді.

​​Әрине, Тұтқабай Әшімбайұлы облысқа басшылық жасаған жеті жыл ішінде атқарылған істердің бәрін санап шығу мүмкін емес. Ең бастысы кең түбекте шашырап жатқан үлкенді-кішілі елді мекен тұрғындары бір мақсат жолында тілек пен білек біріктірген қабырғалы елге айналды.

​Бұл ұлан-ғайыр істерді жүзеге асыруда Тұтқабай Әшімбайұлы жалғыз болған жоқ. Қай істе де ол жанындағы жолдастарына, өзі айтпақшы өндіріс командирлеріне, кәсіби білікті мамандарға, ел ішіндегі аузы дуалы, беделді адамдарға сүйенді. Үлкендерін құрметтеп, қатарларымен сыйласты, көзінде оты бар жігерлі жастарды жақын тартып, демеді.

​Ол өндірістік, қоғамдық-саяси қызметтерге тартқан талантты жастардың арасынан кейін облыс қана емес Одақ, республика деңгейінде жауапты жоғары қызметтер атқарып, елге танымал болған талай тұлғалар шықты. Атап айтар болсақ, Дүйсембі Әріпов, Киікбай Рзаханов, Владимир Савченко, Бақыт Бозжігітов, Тергеу Айдарханов, Ләззат Қиынов, Леонид Бурлаков, Қайролла Ережепов, Зейнолла Алшымбаев, Өмірзақ Озғанбаев, Сақып Керелбаев, Есен Күмісқали, басқа да көптеген ел азаматтары майдангер хатшы Тұтқабай Әшімбайұлының шинелінен шығып, сардар болғандар еді! Аттары аталған және шаруашылық пен өндірістің, мемлекеттік қызметтің түрлі буындарында абыройлы еңбек еткен Тұтқабаев кадрлерінің ізбасарлары бүгінде облыстың бірінші басшысы салған жолды жемісті жалғастырып келеді!

​ Егемен еліміздің баянды болашағы үшін қызмет еткен ағамыздың есімін елі ұмытпақ емес, ұлықтайды!

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТРҰМОВ

139
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Өлең сөздің даңғылы

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      МәселеАудан тынысыҚазақстан жаңалықтарыАстана - 20БейнеуЖаңалықтарӘлем жаңалықтарыҚызық дерекАшық қоғамСұхбатСаясатанонс

    Автордың басқа да жазбалары

    Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды

    21 сәуір, 15:09
    255

    Облыста кеше 52 адам коронавирустан емделіп шықты

    21 сәуір, 11:34
    145

    Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

    20 сәуір, 15:20
    211

    Облыста кеше 18 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

    20 сәуір, 11:15
    175

    FlyArystan: Ақтаудан Грузияға рейс ашылады

    14 сәуір, 10:03
    296

    Мектеп оқушылары Қаракөл көлінің маңын қоқыстан тазартты

    13 сәуір, 10:41
    304

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»