Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова Ақтау қаласындағы №2 емханада «Спутник V» вакцинасын салдырды
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
«Ешқандай әсер байқалып жатқан жоқ. Жағдайым жақсы. Қараша айында тұмауға қарсы екпені де қабылдадым. Әрине, бірінші вакцинация ерікті түрде. Вакцинациялауды халыққа дұрыс түсіндіру мақсатында келіп отырмын. Қазіргі уақытта дәрігерлер де салдырып жатыр. Дәрігерлер, модульный стационардың қызметкерлері қабылдап жатыр. Алғаш рет дәрігерлер тарапынан вақциналауға рұқсат берілмеуне байланысты кейіне қалдырылған еді. Бүгінгі күні бәрі сәтімен өтті», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
Ақтау қалалық №2 емхананың эпидемиолог-дәрігерінің айтуынша, екпе салған адам 3 күн бақылауда болады. Бірінші компонентін алған соң, 21 күннен соң екпенің екінші компонентін алады.
«Қазіргі таңда ковидке қарсы екпе жүргізіп жатырмыз. Бірінші компонентін алып, екпе жүргізілгеннен кейін екпе алған жерде 30 минут бақылауда болады. Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Яғни 3 күн уақыт аралығында моншаға баруға, суға түсуге, екпе салған орынға су тигізуге болмайды. Рационды бұрынғыша жалғастыра беруге болады. Бұрын қабылдап жүрген препараттар болса, оны да қабылдауға болады. Жаңадан препарат қабылдауға, рационға бұрын соңды жеп көрмеген тамақтарды тұтынуға кеңес берілмейді. 3 күн аралықта бақылау жүргізіледі. Жеке учаскелік дәрігер екпе алған адамның жағдайын бақылайды. Қазіргі уақытта вакцина алып жатқан адамдарда кері әсерлер байқалып жатқан жоқ», - деді Ақтау қалалық №2 емхананың эпидемиолог-дәрігері Ардақ Ибрашева.