Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 5 бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты. «Олар – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіштері төмен», - деді Премьер-Министр.
Бұған дейін Үкімет басшысы ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне тау-кен секторы себеп болғанын айтқан еді.