Бүгін Ақтау қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің «Бауырлас жауынгерлер» ҚБ мен еріктілер ардагерлерге құрмет көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Екі Ауған соғысы ардагеріне Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі табысталды. Сонымен қатар шара аясында 15 аз қамтылған отбасы мен көп балалы аналарға қайырымдылық көрсетілді.
«15 ақпан Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл толады. Осы айтулы күн қарсаңында ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, сый-сияпат көрсеттік. Шараға жастар да белсене қатысты. Себебі, өткен тарихты еске алып, ардагерлерді ардақтау арқылы жастардың патриоттық сезімін оятуға бағытталды», - дейді Ақтау қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің «Бауырлас жауынгерлер» ҚБ төрағасы Мәтжан Шаулиев.
Ауған соғысы ардагерлері еріктілер мен ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН