Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары болып Ержан Күмісқалиев тағайындалды. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ержан Көпжасарұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектеп, тарих және құқық пәнінің мұғалімінен бастаған.
2008-2016 жылдары Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасында қызмет еткен.
2016-2019 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
05.08.2019 жылы күні бүгінге дейін Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасын басқарып келген.