• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Қуғын-сүргін құрбандары ақталады

9 ақпан, 11:00  |  Жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша алғашқы комиссия отырысы өтті. Жиынға облысқа белгілі азаматтар мен жауапты мамандар қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған «Маң­ғыстау облыстық ішкі сая­сат бас­қар­масы»басшысының орын­басары Нұртас Сали саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәсе­лелері жөніндегі жұмыс барысымен таныстырды.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығымен сая­си қуғын-сүргін құрбандарын толық ақ­тау жөніндегі мемлекеттік комиссия құ­рылған болатын. Осы шыққан қаулыны басшылыққа ала отырып, Маңғыстау об­лысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанынан жұмысшы тобы құрылды. Топтың құрамына өлке­танушылар, тарихшылар, ғалымдар, ар­хив қызметкерлері енгізілді. Сондай-ақ сая­си қуғын-сүргін құрбандарының жә­не одан жапа шеккендердің санаттары белгілен­ді. Сонымен бірге бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисін өз алдына бөлек мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде қайта құрылымдап, штат санын көбейту жұ­мыстары жасалуда. Осыған орай атал­ған мекеме ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақ­тау мәселелеріне қа­тысты жұмыстарды үйлестіріп отыруы үшін арнайы штат беріліп, жобалық офис жасақталатын болады», – деді Н.Төребекұлы.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының және одан жапа шеккендердің санаттарына «Алаш» халықтық-патриоттық жә­не демократиялық қозғалысы мен пар­тиясының мүшелері, жақтастары мен тілеулестері, «Қазақ буржуазиялық ұлт­­шылдығы» жә­не «ұлтшыл» деп ба­ға­ланған ұлттық шы­ғармашылық, ғы­лы­ми элита, мемлекеттік қызметкерлер, «Адайды құтқару тобы» деп аталған жал­ған айыппен сотталғандар, қазақ хал­­­­қының азаттығы мен Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен басқа қоғам­дық-саяси қозғалыстар мен ұйымдардың қатысушылары, іс-әрекеті саяси тұрғыда бағаланған, жекелеген қаһармандар, байларды тәркілеу науқанында сотталған­­дар және олардың отбасы мүшелері, туыстары, 1931 жылы халықтық көтерілістен зардап шеккендер, дінге қызмет еткені үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дәстүрлі дін өкілдері, 1939–1945 жылы Германияда, Финляндия мен басқа да Еуропа елдерінде тұтқында болғандар, диктаторлық режимге сай соғыстан кейін қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындар, концлагерьлердің барлық қиындығы мен азабын бастан кешкендер, тылда еңбек ету кезінде жаламен ұсталғандар, «Бандылық құрылымның қатысушылары», «шпиондар», «отанды сатқандар», «диверсанттар» деп аталғандар, 1986 жылы ұлт-азат­тық қозғалысқа, 1989 жылы Жаңаөзен кө­терілісіне қатысушылар, қатысты жа­зық­­сыз сотталғандар, өзінің шыққан те­гіне, қызметінің түріне байланысты аза­­мат­тық құқықтарынан, ең алдымен сай­­лау құ­қығынан айырылған адамдар да жат­қызылады.

Қазіргі таңда саяси қуғын-сүргін құр­бандары мен зардап шегушілерге қа­тысты құжаттар іздестірілуде.

«Екінші тоқсаннан бастап Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы қалаларындағы облыс­тық архивтерден саяси куғын-сүргін құр­бандарына қатысты мә­лі­меттерді іздес­тіру, зерттеу, жинақтау жұмыстарын бастаймыз. Қазіргі таңда құрбандарға арналып әлеуметтік желі­лерден парақша ашылды. Обылыстың мемлекеттік архив қорларынан саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шегушілерге қатысты құжаттарды анықтау, жинақтау жұмыстары басталды. 2007 жылы Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің қолдауымен Маңғыстау облысының мемлекеттік мұ­рағаты «Маңғыстаудың азалы жылдары» атты құжаттар жинағын жарыққа шы­ғарылды. Кітап ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы қуғын-сүргін құрба­ны бол­ған маңғыстаулықтар жөнінде. Кі­тап­қа 75 құрбанның суреті және 170 құрбан­ның аты, тегі сонымен қатар сайлау құқықтарынан айырылған адамдардың тізімі енгізілген. Алдағы уақытта саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі қайта басылып шығарылады және мә­ліметтер нақ­тыланатын болады. Дауыс беру құқы­ғы­нан айырылғандар тізімі де қайтадан қа­растырылып, мәліметтер нақ­тыланып жатыр. 1994 жылғы «Маң­ғыстау» газетінің №48, 49, 50 нө­мір­ле­рінде жарияланған «Жазықсыз жазаланып, ақталғандар» атты қуғын-сүргін құрбандарының тізімін қайта басып шы­ғарып, мәліметтері нақтылануда. Об­лыстық мемлекеттік архивке әлеу­мет­тік желіде ашылған парақшаны көріп, өз аталары жөнінде мәлімет іздеген адам­дардың алды хабарласа бастады. Құр­манова Нуржан Балабаевна деген аза­матшадан атасы Избанов Аққозы жөнінде мәлімет түсті. Избанов Аққозы 1905 жылы Форт-Александровскийде ту­ған. 1937 жылы Түркістанда жұмыс жа­сап жүрген жерінен тұтқынға алынған, 1938 жылы атылғаны туралы, 1958 жы­лы ақталғандығы жөнінде хабар келген, бірақ дәлел болатындай құжаттар жоқ. Ұрпақтары жерленген жерін іздеуде. Сондықтан алдағы уақытта мұндай деректерді іздестіруді жалғастыра беретін боламыз»,– деді «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Минара Сәдімекова.

Жиын барысында комиссия отырысына қатысушылар білген, көрген деректерін ортаға салып, ақтау жұмысына белсене кірісті.

Айгүл ОРЫНБАЕВА

347
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түпқарағандық оқушылар ұмыт қалған ұлттық ойынды жаңғыртуда

Келесі жаңалық

Н. Жантөрин театры ақпан айында қандай қойылымдарды ұсынады?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ТағайындауҚызық дерекРедакцияАстана - 20ЖаңалықтарЖаңаөзен - 50 жылХабарландыруРедакция туралыСараптамаҚоғамБайланыс мәліметтеріБіле жүріңіз

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    288

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    523

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    502

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1144

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    671

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    501

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»