• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 25 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 419.69 ₸
  • EUR: 510.89 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

50 мобильді автобус аялдамасы орнатылады

6 қаңтар, 08:56  |  Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық және Мұнайлы аудандық сайлауалды штаб мүшелері «ҚТЖ–Жүк Тасымалы» АҚ «Маңғыстау ЖТ» бөлімі қызметкерлерімен «ZOOM» платформасында кездесті. Онлайн шарада ұжымға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Халықтың әл-ауқатын көтеру жұмыстары жалғасып, партия – барлығы үшін ашық екені айтылды. Ауданды дамытудың 7 басым бағытына кеңінен тоқталды.

Мұнайлы ауданын халық үшін жайлы ету мақсатында партия өмір сүру сапасын жақсарту, таза ауа, сапалы ауыз су мен біртегіс жолдарға қол жеткізуге жұмыстанады. Ауыл ішіндегі және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделеді, жаңадан салынады. Басқұдық, Маңғыстау, Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен ауылдары бойынша жалпы көлемі 135,4 шақырымды құрайтын жол төселеді. 50 мобильді коммерциялық павильоны бар автобус аялдамасы орнатылады.

Таза ауыз сумен қамту мақсатында Қызылтөбе және Басқұдық ауылдарында жаңа сумен жабдықтау желілерін (229,5 шақырым) кезең-кезеңімен салу, сумен қамтамасыз етуді 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Баянды ауылындағы су тұщыту қондырғысы және «Каспий» су тұщыту зауыты жаңғыртылады. Шаралар нәтижесінде аудан толық сапалы ауыз сумен қамтылады. Аудандағы бүгінгі жағдайға үңіле кетсек, Мұнайлы ауданында 7 ауылдық елдімекеннің 5-еуі орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен жабдықталған, бұл 74,1% құрайды.

Аудан халқының тұрғын үйге қолжетімділігіне кезек беретін болсақ, мұнда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 080 отбасы тұр. Оның ішінде көп балалылары – 258 отбасы, жер кезегінде тұрғандар 30 мың адам. 2022 жылдан бастап Маңғыстау ауылында 24 пәтерлік 30 үй, Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 үй салынады. Маңғыстау ауылының ескі 25 көпқабатты тұрғын үйіне күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жеке құрылыс мекемелеріне аудан аумағынан 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік беріледі. Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе, Дәулет және Батыр ауылдарынан тұрғын үй құрылысын салуға арналған 3 мыңға жуық жер учаскелерін газ және электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылады.

Мұнайлы ауданының инженерлік желілерді қайта құру және халықты орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз ету бойынша да бірқатар іс-шаралар жүзеге асады. Маңғыстау ауылында кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп, жалпы ұзындығы 27 шақырым құрайтын Атамекен және Басқұдық ауылдарында дренаж жүйесі орнатылады. Аудандағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және алғашқы өңдеумен айналысатын компаниялардың саны екі есеге ұлғаяды. Көшелерде қоқыстарды сұрыптау үшін 2 500 дана контейнер орнатылады. Бұл жұмыстар тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін жасалады.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

152
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Таза сайлау» бақылаушылары Маңғыстауда

Келесі жаңалық

"Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын түсіндіру жиыны өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Мәселе Қоғам Маңғыстау жаңалықтары Редакция Тағайындау Редакция газеттері Әлем жаңалықтары Рухани жаңғыру Астана - 20 Маңғыстау Бейнеу Құқық

    Автордың басқа да жазбалары

    Облыста тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

    17 қаңтар, 10:35
    189

    Жаңаөзенде кәмелетке толмаған ер бала іздестіріліп жатыр

    16 қаңтар, 13:17
    347

    Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

    16 қаңтар, 13:05
    186

    Маңғыстауда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

    16 қаңтар, 11:02
    185

    Елордалық кардиология саласының дәрігерлері Маңғыстауда тегін қабылдау өткізеді

    15 қаңтар, 10:57
    257

    Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

    15 қаңтар, 09:07
    161

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»