МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ISO 37001: "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын қолдануын ынталандыру мақсатында мемлекеттік органдардың басшылары мен квазимемлекеттік сектор субъектісі басшыларының қатысуымен жиын өткізді.
Жиында Департаменттің Басқарма басшысы Қ.Байгебаев ISO 37001: стандартының әлемдік тәжірибедегі маңызы туралы айтып, таныстырды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді.
Онлайн жиында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшысы А.Қабылдин мен Академияның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры А.Демеуова Стандартты мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне енгізу бойынша түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, онлайн семинарға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері және Ұлттық компания өкілдерінен 128 адам қатысты.