«Адал» саяси партиясының аудандық филиалы мен қоғамдық штабының белсенді мүшелері және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Бейнеумехтранссервис» ЖШС ұжымына барып, жұмысшылармен кездесті.
«Бейнеумехтранссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде отызға тарта адам жұмыс істейді. Техникасы жеткілікті. Бейнеу ауылының тазалығын сақтау бағытында ауқымды жұмыстарды атқарып, ауылдың көркеюіне сүбелі үлес қосып жүрген ұжым. Кездесу кезінде жетістіктермен бір қатарда қоқысты сұрыптап жинап, өңдеп, қайта кәдеге жарату секілді шешімін күтіп тұрған мәселенің бар екені де айтылды.
Кездесу кезінде «Адал» саяси партиясының аудандық филиалы мен қоғамдық штабының мүшелері және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер еңбек адамдарының пікірлерін тыңдап, жетістікке жету туралы ашық әңгіме жүргізді.
Қартбай Қожаев