Қазақстан Халық партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының өкілдері және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Роза Махамбетова облыстық әмбебап кітапхана ұжымымен кездесті.
Облыстық әмбебап кітапхана 1973 жылы 12 қыркүйекте ашылған. 2 адамнан ғана кітап қорын жинақтаудан өз жұмысын бастаған. 1976 жылы облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығымен Бейнеу, Ералы, ал кейінірек Мұнайлы аудандарында кітапхана тораптары құрыла бастады. Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады. Кітапханаға жылына 20 мыңға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 мыңға жуық баспа басылымы беріледі. Жиында кітапхана ұжымы өздерінің жұмыс барысындағы жетістіктері мен қиындықтарын да атап өтті.
Майра Сартаева