«Ақ жол» халық демократиялық партиясының облыстық филиалының өкілдері «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен ашық әңгіме жүргізді.
23 желтоқсан күні «Ақ жол» халық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Канапин «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымында болып, олардың даму қарқындылығын байқап, пікірлерін тыңдады.
«Кәсіподақ дегеніміз — жұмыскерлердің нағыз жанашыры әрі олардың құқығын қорғайтын ұйым. Дамыған елдерде кәсіподақ мүшесі болмасаң, жұмысқа қабылдамайды. Қазақстан қазіргі таңда электронды қызмет көрсету көрсеткіші бойынша әлемде 33-орынды алады. Сол сияқты кәсіподақ жұмысын жандандыру – 30 дамыған елмен иық тіресіп, үзеңгі қағыстыруымыздың бірден-бір алғышарты» деген бірлестік мүшелері қазіргі ахуалда және болашақта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясын кеңейту туралы пікірлерін алға тартты.
Майра Бақытқызы