Жуырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Бейнеу аудандық штабының мүшелері және аудандық маслихат депутаттығына үміткер Нұралы Сәдіғұлов «Шаруа қожалық-ауыл өмірінің діңгегі» атты шарада аудан аймағындағы шаруа қожалықтарның иелерімен жүздесті.
Өткізілген бұл шарада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Бейнеу аудандық штабының мүшелері, «Нұрлан» шаруашылығының қызметкерлері және маңайдағы жекелеген мал бағып отырған тұрғындар да болды. Жиынға қатысушылар тарапынан ауыл шаруашылығын дамыту, «Дипломмен ауылға», жұмыспен қамту жайында ұсыныстары айтылды. Жалпы «Нұрлан» шаруа қожалығы — 2006 жылдан шарушылығын дамытып, қазіргі таңда айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырған шаруашылық. Қожалық түйе, жылқы, қой бағуды қолға алып, өз отбасы мүшелерінен басқа 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.Сонымен қатар биыл мал бордақылауды да қолға алыпты. Алдағы уақытта жылқы малын бордақылап, өнімінің пайдасын көрмекші.
Беркімбай Гарабаев