«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» Акционерлік қоғамы республикалық клиникасының дәрігерлері Маңғыстау тұрғындарын жүрек-қан тамырларының сырқаттары бойынша ақысыз кеңес алуға шақырады. Бұл туралы мекеменің баспасөз хатшысы Назым Қарабаева хабарлады.
Елордалық кардиология саласының дәрігерлері аймақ тұрғындарын қабылдауға шақырады.
Қабылдауды кардиохирург-дәрігер Ерлан Оразымбетов, кардиолог-дәрігер Динара Закарина және ЭхоКГ (ультрадыбыстық зерттеуді қолдану арқылы жүректің эхокардиографиясын жасау) дәрігері Сәуле Нұрақаева жүргізеді. Дәрігерлер тек ересектерге қызмет көрсетеді.
Кеңес беру 18-22 қаңтар аралығында өтеді.
18 және 22 қаңтарда - Ақтауда («Аrchimed» Медициналық орталығы);
19 қаңтарда - Жаңаөзенде;
20 қаңтарда – Маңғыстау ауданында;
21 қаңтарда – Түпқараған ауданында.
Қабылдау уақыты: 9:00 ден 18:00-ге дейін.
- Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау және Түпқараған аудандарында қабылдау өтетін орындар әлі анықталған жоқ. Мәліметтерді анықтама телефондары арқылы білуге болады,- дейді Назым Қарабаева.
Анықтама телефондары: +7 (702) 321 0021.
- Науқастарға емдеу және ота жасау қажет болған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ – на жоспарлы түрде жатқызуға жолданады. Біздің клиниканың отандық нарықтағы жоғары технологияларды қолданумен көпбейінді медициналық қызмет көрсетуден 19 жылдық тәжірибесі бар және халықаралық деңгейге шығып отыр.
Ұжымда 300-ге жуық дәрігер қызмет етеді, олардың арасында медицина ғылымының докторлары мен кандидаттары және философия докторлары бар,- деп атап өтті Назым Карабаева.