• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Батырдың батыл ұрпағы

2 наурыз, 11:27  |  Маңғыстау жаңалықтары

«Ауған соғысы» деген атаумен адамзат, оның ішінде Кеңес Одағы тарихынан орын алған 10 жылдық қанды қырғынға сол тұста азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылған біздің қазақ жастарының да біразының қатысқанын білеміз. Әрине соғыс шығынсыз болмайды. Ол соғыста да мыңдаған боздақтар қыршынынан қиылып, дұшман оғынан қаза тапты.

Ауған соғысына Маңғыстау облысынан аттанған 444 сарбаздың 8-і интерұлттық борышын өтеу жолында ерлікпен қаза тауып, Сәлімжан Әлиев, Қуатбай Бектұров, Қалмырза Берішбаев, Андрей Кучеренко, Виталий Малышкин, Ахмет Қолдасбаев, Юрий Қоңыров, Адам Мұқылов атты азаматтар Отанға орала алмады.

Ананы баласынан, баланы әкесінен айырған Ауған соғысының көзі тірі ардагерлері бүгінде еліміздің абыройлы азаматтары сапында. Солардың бірі Жаңаөзен қаласы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшесі, 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқарған Досан батырдың тікелей ұрпағы Оразалы Мырзақұлұлы Әділов. Оразалы 1961 жылы 15 ақпанда​ дүниеге келіп, 1968 жылы Қызылсай кентінде №4 орта мектепті 1978 жылы бітірді. ​

1978 жылы орта мектепті бітірісімен Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасы мекемесінде темір жонушының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған Оразалы 1979 жылдың сәуір айында әскер қатарына шақырылып, 1980 жылдың қаңтар айынан 1981 жылдың​ шілде айына дейін Отан алдындағы борышын атқарды.

Әскер қатарына алынған Оразалы Мырзақұлұлы Ақтөбе қаласында дайындықтан өтіп, Мажарстанның (Венгрия) Кишкунмайша жерінде 5-ші жаяу әскер полкінің 4-ротаға қарасты 2-ші взводында гранататқыш болып міндетін өтеп, «Мерген» атағын алады.

Әскери борышын өтеп жүрген Оразалының маңдайына Ауған соғысы тап келіп, 1980 жылы қаңтар айында Душанбеге, одан Термезге жіберіледі. Кеңестік әскери қызметкерлердің базасы Термезден Ауған шекарасына өткен жас жігіт бір жыл алты ай бойы Газни, Гардез, Полоқұмри жерінде тұрған 191 арнайы жасақталған мотоатқыштар полкының құрамында дұшмандармен қоян-қолтық ұрыстарға қатысты.

Ауғанстан соғысында көрсеткен мергендігі мен ерлігі үшін даңқты батырдың ержүрек ұрпағы Оразалы Мырзақұлұлы «Қызыл жұлдыз» ​ орденімен марапатталды. Тегіне тартып туған ұл 2009 жылы 16 желтоқсанда Елбасының Жарлығымен «Айбын» орденін кеудесіне тақты.

Елге аман оралған соң скважиналарды күрделі жөндеу (КАС) және «Жөндеу» мекемелерінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, шебер болып, еңбек майданына араласты. Қоғамдық жұмыстарға қабілетін танытып, «Фильдсервис» ЖШС мекемесінде кәсіподақ ұйымын басқарды.

Туған ауылының 60 жылдығы қарсаңында Қызылсай аулының 15 жігіттен құралған «Қызылсай қырандары» тобымен бірге жеке кәсіпкерлер Ермек Ғайниев, Алтынбек Жарасовтардың демеушілігімен «Бұрғылау», «Өзенмұнайгаз» мекемелерінің көмегімен «Қызылсай» стелласын тұрғызуға атсалысты.

Оразалы Мырзақұлұлы Жаңаөзен қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы қоғамдық қызметін атқарған тұста, жастарды елжандылық, отансүйгіштік бағытқа тәрбиелеуге ықпал етті.

Қазіргі таңда қаланың көпшілік-қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген шағын кәсіп иесі. Ел алдында осындай абыройға ие азамат Оразалы биыл алпыстың асқарлы асуына табан тіреп, ​ жұбайы Светланамен бірге 5 бала өсіріп, 8 немере сүйіп отырған асқар таудай ата. ​

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толу құрметіне өңіріміздің аудан орталықтары мен қалаларында Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу шарасы атап өтілді. Ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындары жиналғандар соғыста қаза болған сарбаздарды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ел үшін істелген ерлікті ұрпақ ешуақытта ұмытпақ емес.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

287
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстаулық құсбегі ел чемпионатында топ жарды

Келесі жаңалық

Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Мәселе Денсаулық Маңғыстау Жастар беті Жарнама Редакция туралы анонс Саясат Фото Мәдениет Тағайындау Спорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды

    21 сәуір, 15:09
    254

    Облыста кеше 52 адам коронавирустан емделіп шықты

    21 сәуір, 11:34
    145

    Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

    20 сәуір, 15:20
    211

    Облыста кеше 18 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

    20 сәуір, 11:15
    175

    FlyArystan: Ақтаудан Грузияға рейс ашылады

    14 сәуір, 10:03
    296

    Мектеп оқушылары Қаракөл көлінің маңын қоқыстан тазартты

    13 сәуір, 10:41
    304

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»