Ақтауда егде жастағы тұрғындар шахмат және үстел теннисінен сынға түсті. Турнир Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарысқа 60 пен 90 жас аралығындағы ардагерлер қатысты.
Жарысқа қатысушылардың мақсаты - орын алу емес, өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі болу. Турнир барысында ардагерлер белсенділігін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар талай бәсекелерде бәсі жоғары болған ардагерлер мұндай игі шаралардан қол үзгісі келмейтінін айтты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА