• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Облыс қоржыны алты медальмен толықты

    [ 2016 ] 20 қыркүйек, 11:13  |  Жаңалықтар

    Сенбі және жексенбі күндері Ақтау қаласындағы «Теннис орталығында» дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Жапония, Франция Қырғызтан және Тәжікстан мемлекеттерінен келген 341 балуан қатысып, боз кілемде белдесті.

    Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков, Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ермек Имамбеков, Қазақстан әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Жексенбай Саламатов, Олимпиаданы даярлау орталығының директоры Оспан Жаңбырбаев, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Мұсабаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

    - Облыс орталығында жыл сайын белгілі фермер Тұрар Жолдыбаев атындағы турнирді ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бұл жарыстың жыл санап географиялық ауқымы кеңейіп, мәртебесі өскіп келе жатқаны бізді қуантады. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына спортқа жаны ашитын белгілі азаматтарымыздың үлес қосып жүргенін айтып кетуіміз керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қаламызда Тұрар Жолдыбаев атындағы спорт кешенінін пайдалануға берілгенін білесіздер. Мұның барлығы облыста спорттың дамуына айтарлықтай үлесін қосатынын, дзюдо күресімен айналысатын жастарға жасалып отырған үлкен қамқорлық екенін біз қуана қабылдаймыз. Сондықтан да мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба берсе екен деген тілектеміз... Құрметті жерлестер, жарыстың қонақтары спорт-бірлікті, достықты насихаттайтын үлкен жиын. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, нағыз мықты балуандар жеңіс тұғырынан көрінсін, - деді шараның ашылуында сөз алған қала басшысы Серікбай Трұмов.

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған турнир аясында Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының атынан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ермек Иманбеков пен Қазақстан әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Жексенбай Саламатовқа 250 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап, ел мерейін асқақтатып жүрген Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ұлт мақтанышы Елдос Сметовқа 1 миллион теңгенің сертификаты берілді.

    - Сегіз мемлекеттің басын біріктіріп, мұндай кең ауқымда турнир ұйымдастыру да оңай емес. Сондықтан да осы істің басы-қасында жүрген барлық азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бұл турнирде ең мықты балуан жеңіске жетіп, ел мәртебесін биіктетсін дегім келеді. Көрермендерге әсерлі күрестің куәгері болуларына тілектеспін, - дейді Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков.

    Екі күн бойы Ақтау қаласындағы «Теннис орталығы» жанкүйерлерге лық толып, дзюдо күресімен тыныстады. Екінші күні турнирдің шымылдығын ашып, түндігін түрген балуандарымыз жерлестеріне 2 алтын және 4 қола медальдарды сыйлады. Жүректілер мен білектілердің айқасында 73 келі салмақта Елдос Жұмаханов («Қарагөз» спорт мектебі) мен 57 келі салмақта Анна Казюлина («Қарагөз» спорт мектебі) алтынмен апталып, жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, 60 келі салмақта Мейрам Әбіл («Толқын» спорт мектебі), 90 келі салмақта Мейрамбек Жаңабай («Қарагөз» спорт мектебі), 70 келі салмақта Ақниет Тұрдан («Жастар» спорт мектебі), 57 келі салмақта Кәмшат Қарасайқызы (Шетпе ауданы) үшінші орынды қанағат тұтып, қола медальдардың иесі атанды.

    -Дзюдомен 5 жылдан бері айналысамын. Биылғы жылы ақпан айында Өскеменде жастар арасында өткен ҚР чемпионатында қоланы еншіледім. Сол жеңісімді де осы халықаралық турнирде қайталадым. Шешуші сәтте алматылық балуанға есемді жібердім. Бұл жолы да еншіме қола медаль бұйырды. Жарысқа дайындаған бапкерім Сергей Волобуевқа алғыс айтамын,-дейді «Жастар» спорт мектебінің дзюдошысы Ақниет Тұрдан.

    Халықаралық турнир қорытындысы бойынша командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 7 қола медальдармен Қызылорда облысы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдармен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақтады. Үшінші орынды Маңғыстау облысы мен Әзірбайжан мемлекеті өзара бөлісті.

    Венера МИРЛАН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="10408,10403,10405"]
    871
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар спорт
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жол апаты қатерлі...

    Келесі жаңалық

    "НұрОтан" партиясында кеңес өткізілді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда спорт басқармасы отбасылық үлгідегі балалар ауылын жаңа жылмен құттықтады

      [ 2023 ] 4 қаңтар, 17:54
      1764

      Маңғыстаулық дзюдошылар Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 10:58
      2957

      Маңғыстаулық спортшы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 06:19
      2863

      Ақшұқырда жаңа спорт алаңы ашылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 09:58
      2602

      Жаңаөзенде «Арлан» спорт кешені ашылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 09:46
      2187

      Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығына барды

      [ 2019 ] 19 желтоқсан, 13:41
      2122

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыФотоРедакция ұжымыСаясатСұхбатАнықтама бюросыАНТИКОРҚазақстан жаңалықтарыБайқауРедакция туралы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді

      [ 2018 ] 12 наурыз, 04:44
      1706

      Ақтаулық жас самбошылар халықаралық турнирден олжамен оралды

      [ 2018 ] 20 ақпан, 09:46
      1558

      Маңғыстау самбошылары Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды

      [ 2018 ] 29 қаңтар, 11:31
      1703

      Маңғыстауда жануарлардан жапа шеккендер саны артты

      [ 2018 ] 24 қаңтар, 04:51
      1806

      Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті

      [ 2018 ] 23 қаңтар, 09:17
      1713

      Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

      [ 2018 ] 22 қаңтар, 13:38
      2212

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»